ХАБАРЛАНДЫРУ
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Төле би даңғылы 84
Пошталық мекен-жайы: det.sad.16@mail.ru
Телефон нөмірі: 8(7262)34-80-46
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің №16 бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Бос лауазым атауы : тәрбиеші (уақытша) қазақ тобына
Еңбекке ақы мөлшері: 1,1 штаттық бірлік–205997 (екі жүз бес мың тоғыз жүз тоқсан жеті)
Негізгі функционалдық міндеттері:
Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді. Мектепке дейіңгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талабына сай, Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, іс-әрекеттерді жоспарлайды және жүзеге асырады. Ата-аналардың мектепке дейіңгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды.
Заттық - дамытушы ортаны құру, тәрбиелеубілім беру процесін ұйымдастыру.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын талаптары:
- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша диплом;
- еңбек өтілі 5 жылдан жоғары
Құжат тізбесі:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат;
3. Кадырларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологияляқ ұйымнан анықтама;
9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
10) осы Қағидаларға 12,13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 02.07-10.07.2026 ж
Құжаттарды қарау мерзімі:13.07-17.07.2026 ж